Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындар арасында скринингтік зерттеулер туралы сауалнама жүргізеді

Денсаулық  сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін  инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында  тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында  сауалнама  жүргізуде.

Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сауалнама мына сілтемелер  бойынша жүргізіледі: 

қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS

орыс тілінде:  https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L