ҚР-да ғылыми-медициналық қызметтер бойынша алдыңғы қатарлы медициналық жоғары оқу орындары анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми ұйымдар мен медициналық ЖОО-ның  2016 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша рейтингтік бағалаулары қорытындыланды.

Жүргізілген рейтингтік бағалауға сәйкес, медициналық ЖОО арасында ғылыми және инновациялық қызмет көшбасшылары ретінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы және Астана медицина университеті танылды.

Клиникалық саладағы ғылыми ұйымдар арасында ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендер:  Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы. Клиникалық емес салалар арасындағы алдыңғы қатардағы ұйымдар – Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы, Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ Ғылыми кеңесінің шеңберінде 2018-2020 жылдары қаржыландыру жоспарланған денсаулық сақтау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулерінің тақырыптары да қарастырылды