Семинар тыңдаушылары мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарынан, атап айтқанда медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінен құралды.
Бұл оқытудың басты мақсаты – мамандардың кадрлық менеджмент саласындағы кәсіби білімдерін, дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында тыңдаушылар жаңғыртылатын персоналды басқару қызметтерінің заманауи HR-менеджмент құралдарын енгізу бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларымен танысты.
Сонымен қатар, оқыту барысында тыңдаушылар денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды нормативтік реттеу, қазіргі жағдайда адами ресурстарды басқару ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің басты нышаны ретінде талқылауға белсенді қатысты.
Семинар барысында медицина қызметкерлерінің қажеттілігіне орта және ұзақ мерзімді алдын-ала болжамдар жасау туралы мәселеге ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді болжау, мониторингілеу және жоспарлау тетіктерін жетілдіру және денсаулық сақтаудағы кадр саясатының идеологиясы мен әдіснамасын әзірлеу негізінде оларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде ҰҒДСДО денсаулық сақтаудың кадр ресурстары жөніндегі Ұлттық үйлестіруші болып табылатындығын атап өту қажет.