Мейірбекелер үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілді

 

 

      Астанада ҰҒДСДО-ның ұйымдастыруымен «Мейірбикелік процестің тиімділігін ұйымдастыру және бағалау»  тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті.

      Оқу курсының ұзақтығы 60 академиялық сағатты құрап, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 30 маманның қатысуымен өткізілді.

      Бұл оқыту мейірбике ісі мамандарының жаңа практикалық білімдерін, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және меңгеруге және жаңа құзыреттерді бекітуге, кәсіби және дәлелді тәжірибеге, зерттеулер мен инновацияларға, халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікке, мейірбике ісі саласындағы үздіксіз кәсіби дамуға негізделген, пациентке қауіпсіз көмекті сыни тұрғыдан бағалауға және енгізуге қабілетті, қосымша құзыреттерге негізделген мейірбике мамандарының біліктілігін арттыру және дамытуға бағытталған.

      Сондай-ақ, аталған іс-шара аясында еліміздің озық медициналық орталықтарының бірі болып табылатын - ұлттық ғылыми медициналық орталық медицина қызметкерлері жұмысының көрнекі мысалдарын таныстыру арқылы шығу ұйымдастырылды.

       Жалпы, оқыту барысында медбикелер жаңа практикалық білім мен дағдыларды игеріп, мейірбике ісінің жаңа құзыреттерін бекітті.

       Курс қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамадан өткізіліп, кейін салтанатты түрде оларға сәтті аяқталғаны туралы сертификаттар табысталды.

       Шараны қортындылау барысында оқыту курсының тыңдаушылары біліктілікті арттыру курсының жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтті.