ҰҒДСДО 3 медициналық ұйымды аккредиттеуден өткізді

 

         Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу медициналық ұйымдарда халыққа сапалы әрі қауіпсіз медициналық қызмет көрсетілуінің ресми танылуы болып есептеледі.

        Бұл үшін ҰҒДСД денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау үшін білікті сарапшы-мамандарды тарта отырып, үш медициналық ұйым мен денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеуден өткізді.

        Жалпы, аккредиттеу медициналық көмек көрсету кезінде медициналық ұйымдардағы қолданыстағы бизнес-процестерді жүйелеуге, тиімді басқаруға және жетілдіруге ықпал етеді.

        Медициналық ұйымдарда аккредиттеу стандарттарын енгізу медициналық көмек алу кезінде пациенттердің қауіпсіздігін, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және жүйелі әрі стратегиялық негізде қызмет көрсетуді жақсартуға алып келеді.

        Ал, аккредиттеу туралы куәлікті алу медициналық ұйымдардың олар ұсынатын медициналық қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.

        Осыған байланысты ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО №2 Тараз қалалық емханасының, №3 Қарағанды қалалық емханасының және Астана қаласындағы «Аланда» клиникасының ұжымдарын аккредиттеуден сәтті өтулерімен құттықтайды!