Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқыту аяқталды

 

      ҰҒДСДО базасында 6 қарашадан 1 желтоқсанға дейін «Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері» бойынша біліктілік арттыру бағдарламасы негізіндегі оқыту өткізілді.

      Оқуға қатысу үшін елордаға республиканың 9 өңірінен 18 тыңдаушы келді.

      Айта кету керек, осы оқыту курсы шеңберінде 2022 жылдың қараша айынан бастап барлығы 5 лекте 119 адам оқудан өткізілді.

      Бір ай ішінде осы саланың жоғары білікті сарапшылары тыңдаушыларға республиканың медициналық техника саласындағы сатып алуды басқару бағытындағы нормативтік, реттеуші базасы, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, шығыстарды оңтайландыру әдістері, қорлар мен ресурстарды басқару, медициналық техниканы сатып алумен байланысты ықтимал тәуекелдерді түсіну, денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жоспарлау ерекшеліктері және тағы да басқа өзекті мәселелер бойынша барлық қажетті ақпаратты ұсынған болатын.

      Сондай-ақ, курс аясында тыңдаушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына және UMC корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығына барды. Бұл кездесулер саладағы мамандармен байланыс орнатуға тамаша мүмкіндіктер беріп, тәжірибе алмасу үшін пайдалы.

      Оқыту барысында тыңдаушылар алған дағдылар оларға өңірлердегі медициналық ұйымдардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне тиімді пысықтауға және тез жауап беруге, өтінімдерді уақтылы және сапалы ресімдеуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі қажетті жабдықтың уақтылы сатып алынуына ықпал етеді.

       Айта кетейік, медициналық техниканы тиімді жоспарлау мен сатып алуды оқыту курсы бүкіл республика бойынша, әсіресе өңірлерде осы мамандарға деген жоғары сұранысқа байланысты құрылған болатын.