ҰҒДСДО мен Оңтүстік Қазақстанның фармацевтикалық кластері қауымдастығы Қазақстанның фармацевтика саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

       Астанада ҰҒДСДО мен Оңтүстік Қазақстан медициналық-фармацевтикалық класстер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.

       Келісім шеңберінде тараптар бірлесіп фармацевтика саласын ғылыми дамытуды көздеп отыр.

       Сондай-ақ, құжат бірнеше негізгі бағыттарды, соның ішінде: фармацевтика саласын дамытудың нормативтік базасын жетілдіруді, фармацевтика индустриясын дамыту саясатын, фармацевтикалық білім беруді, ғылымды және фармацевтикалық бизнесті дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді, фармацевтика кадрларын үздіксіз кәсіби дамытуды және т. б. қамтыды.

      Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін 50% - ға дейін арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, елімізде Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында үш медициналық-фармацевтикалық кластер құру жоспарланып отыр, бұл елдегі импортқа тәуелділіктің айтарлықтай азайтуға  және дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етері сөзсіз.

      Осының шеңберінде үстіміздегі жылдың наурыз айында елімізде дәрілік заттарды әзірлеумен, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізумен, экстракциялау технологияларын, сапаны бақылау әдістемелерін қолданумен және т. б. айналысатын инновациялық компаниялар топтарынан құралған алғашқы Оңтүстік Қазақстан медициналық-фармацевтикалық кластері құрылды.

      Анықтама: медициналық-фармацевтикалық кластер бұл - дәрілік заттарды әзірлеуші, өндірістік компаниялар, жабдықтарды жеткізушілер, жиынтықтаушылардан құралған ғылыми-зерттеу институттары, ЖОО, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа да ұйымдар сияқты инфрақұрылым объектілеріне мамандандырылған қызметтер көресететін бір-бірін толықтыратын және жекелеген кәсіпорындар мен кластердің бәсекелестігін күшейтетін географиялық тұрғыдан шоғырланған өзара ынтымақтыстықтағы инновациялық кәсіпорындар тобы болып табылады.