«Дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі: әлемдік трендтер мен стандарттар» тақырыбында халықаралық конгресс өтті

 

       Астанада 16-17 қараша күндері дәрілік терапияның сапасы мен қауіпсіздігі бойынша халықаралық конгресс өтті.

       Шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы ұйымдастырды.

       Конгресс жұмысына еліміздің және Түркия, Украина, Польша, Албания, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа елдердің клиникалық фармакология саласының жетекші сарапшылары     қатысты.

       Іс-шарада дербестендірілген және профилактикалық дәрілік терапияның клиникалық практикасының, көпбейінді стационарлардағы госпитальдық фармацияның мәселелері мен міндеттері талқыланды.

       Конгресс жұмысына ҰҒДСДО-дан клиникалық практика және фармакология бағытындағы сарапшылары қатысты.

       Басқарма төрайымының орынбасары дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және дербестендірілген есепке алу туралы талқылауға қатысып, клиникалық практиканы бағалаудағы сарапшы ретінде «Госпитальдық фармация бөлімі. СОП медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету элементі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

       Жалпы, конресс шеңберінде қатысушылар клиникалық практика жұмысы туралы ұсыныстар әзірлеп, дәрілік терапияның халықаралық тәжірибелерімен танысты.