ҰҒДСДО қызметкерлері клиникалық зерттеулер жүргізу бойынша құзыреттілік негіздері бойынша біліктілік арттырудан өтті

 

           ҰҒДСДО сарапшылары «Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуге жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулердің үйлестіру жүйесін құру» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Брюссель қаласында (Бельгия) оқудан өтті.

          «Clinical Project Management STAR Program» («Клиникалық зерттеулердегі жобалық менеджмент, СТАР бағдарламасы») бағдарламасы бойынша оқыту курсының бағдарламасы клиникалық жобаның менеджері ретінде жұмыс істеу үшін мына негізгі құзыреттер бойынша оқытуды қамтыды: клиникалық жобаларды басқару, клиникалық зерттеулердегі тәуекелдер, клиникалық зерттеулер туралы шарттардың құқықтық негіздері және персоналды басқару.

          Бұл оқудың нәтижесінде клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру, жүргізу және талдау, сондай-ақ клиникалық зерттеулердегі тәуекелдерді басқару саласындағы сарапшылар осы сала бойынша біліктілігін арттырды.

          Осы тұста айта кету керек, 2022 жылғы шілдеде ҰҒДСДО құрылымында клиникалық зерттеулерді дамыту орталығы (КЗДО) құрылып, осы орталықпен 2023 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуге жаңа тәсілдерін әзірлеу. Клиникалық зерттеулердің үйлестіру жүйесін құру» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

          КЗДО-ның басты мақсаты еліміздегі халықаралық және жергілікті клиникалық зерттеулерді үйлестіру және жүргізу, ғылыми базаны молайту үшін медицина ғылымына қосымша инвестициялар тарту, клиникалық зерттеулердің демеушілеріне алғашқы кеңестер беру, денсаулық сақтау бағытындағы ҒЗИ/ҒО, ЖОО және басқа да клиникалық базаларды клиникалық зерттеулер бойынша жұмысын үйлестіру болып табылады.