Елордада 2023 жылдың 9 мен 13 қазаны аралығында Қазақстанның медициналық мекемелерінің басшылары мен мамандары үшін «Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктіліктік арттыру курсы шеңберінде оқу өтті.
Бұл оқытудың мақсаты - тыңдаушыларды науқастарды қолдау қызметтерінің өзекті мәселелерімен таныстыру болып табылады.
Курс бағдарламасы шеңберінде медициналық ұйымдардың басшылары, сапа жөніндегі басшылардың орынбасарлары, науқастарды қолдау қызметтерінің және медициналық ұйымдардың ішкі сараптамасының басшылары көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және медициналық көмектің сапасына сараптама жасау бөлігінде білімдерін жетілдірумен қатар, медициналық ұйымдарда сапа мен тәуекелдерді басқару бағдарламаларын қалыптастыру бойынша жаңа құзыреттерге ие болды.
Сонымен қатар, оқыту барысында ҚР өзекті нормативтік-құқықтық актілері, медициналық көмек көрсетуді және аккредиттеуді ұйымдастырудың заманауи стандарттары, медициналық көмектің сапасын бағалаудың параметрлері мен индикаторларымен танысты.
Оқытуды медициналық ұйымдардағы сапаны басқару және медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы жетекші мамандар жүргізді.