Мәскеуде «Денсаулық сақтауда шешімдерді қолдау жүйелері» тақырыбында халықаралық семинар ұйымдастырылып, оған жақын және алыс шет елдер мен Қазақстанның өкілдері қатысты.
Қазақстандық тараптан семинарға электрондық денсаулық сақтау стандарттары департаментінің директоры Рашид Исмаилов және ҰҒДСДО электрондық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылары семинар тыңдаушылары болды.
Шара барысында Рашид Исмаилов қатысушыларға «ҚР-дағы денсаулық сақтау жүйесі басшыларына арналған басқарушылық талдау» баяндамасын ұсынды. Баяндамада медициналық ұйым басшылары үшін басқарушылық талдаудың жүйелері мен негізгі құралдары бойынша маңызды ақпараттар ұсынылды.
Семинардан кейін ҰҒДСДО сарапшылары Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Орталық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және ақпараттандыру ғылыми-зерттеу институты» ФМБМ ғылыми-сараптамалық кеңесі және медицина ғылымдарының докторы, доцент, қоғамдық денсаулық және демография бөлімінің бастығы Валерий Семенович Ступаковпен бірқатар кездесулер өткізіп, онда ғылыми зерттеулер мен сараптамалық қызмет бағыттары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Федералды әдістемелік орталық басшысының орынбасары Ольга Владимировна Миргородскаямен он бірінші қайта қараудағы аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуіне (бұдан әрі-АХЖ-11) көшу бойынша кездесу өткізіліп, Ресей Федерациясының аумағында АХЖ -11 енгізу мәселелері қарастырылды.
Жалпы, семинар шеңберінде денсаулық сақтауда басқарушылық, клиникалық және шешімдерді қабылдауды қолдау жүйелері, олардың ерекшеліктері, қолдану мүмкіндіктері және практикалық денсаулық сақтауда ендіру кезіндегі кедергілері туралы заманауи шешімдері ұсынылды.