11 қыркүйекте медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері бойынша төртінші лекті оқыту басталды

 

         Іс-шараға еліміздің 9 өңірінен келген 25 медициналық мекемелердің денсаулық сақтау менеджерлері, медициналық техниканы жоспарлау мен қамтамасыз етуге жауапты мамандары қатысуда.

        Бір ай ішінде тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының медициналық техника саласындағы реттеушілік базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша толық ақпарат берілетін болады.

        Оқудың спикерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК ", «СК-Фармация» ЖШС-ның жоғары білікті тәжірибелі сарапшылары болмақ.

        Сондай-ақ, медициналық техниканың жетекші өндірушілері, соның ішінде отандық өндірушілер курс тыңдаушыларына өз жабдықтарын ұсынуға мүмкіндіктері болады.

        Айта кетейік, медициналық техниканы жоспарлау мен сатып алуды оқыту бойынша бұл курс бүкіл республика бойынша, әсіресе өңірлерде мамандарға деген жоғары қажеттілікке байланысты ашылып, жүзеге асырылуда.

        Осы оқыту шеңберінде 2022 жылдың қараша айынан бастап 3 курста барлығы 76 адам біліктілігін арттырудан өткізілді.

        ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҰҒДСДО медициналық техника бойынша курстарды тұрақты негізде өткізу туралы келісті.

        Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында ҰҒДСДО базасында осы тақырып бойынша оқуды жалғастыру жоспарлануда.