ҰҒДСДО сарапшылары Алматыға жұмыс сапарымен келді

 

 

 

          ҰҒДСДО-ның сарапшылары клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру мониторингін жүргізу үшін Алматыға келді.

         Жұмыстың бірінші күні сарапшылар денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесіп, пилоттық медициналық ұйымдардың басшылық құрамының қатысуымен мониторинг жүргізудің негізгі мәселелері бойынша жиын өткізді.

         Кеңес барысында сарапшылар денсаулық сақтау ұйымының қызметі, атап айтқанда, КХ-ны практикалық дәрігерлердің практикалық деңгейде қолдануы мәселелері туралы есептерін тыңдап, талқылады.

         «Өздеріңіз білетіндей, ҰҒДСДО КХ-ларды өткізетін сараптамалық орган болып табылады, ол дәлелді база аясында клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда өзекті 1103 клиникалық хаттама қолданыста. Алайда, кейбір клиникалық ұсынымдар тиісті деңгейде пайдаланылмауда және практикалық медицинаға ендіруде кедергілер бар. Біздің басты міндетіміз – КХ-ны ендірудегі кедергілерді анықтау және оларды қолданудағы тиімділігіне бағалау жүргізу», - деді сарапшылар.

         Жиыннан кейін сарапшылар қалалық перинаталдық орталыққа барып, орталық жұмысымен танысты.

         Бүгін жоспар бойынша сарапшылар Орталық қалалық клиникалық ауруханаға және №12 қалалық емханаға барады.

         Айта кетейік, сарапшылар өңірлердегі пилоттық медициналық ұйымда болу барысында КХ-ны енгізу бойынша сауалнама өткізіп, кедергілерді анықтау үшін медицина қызметкерлері арасында  еркін форматтағы кездесулер өткізуде. Сонымен бірге, медициналық ұйымдардың медициналық карталарына талдау жүргізеді.

        Бұл жұмыстың барлығы КХ-да белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесіне бағалау жүргізу, КХ-ны ендіруден кейін медициналық көмек көрсету сапасының өзгеру деңгейін анықтау және КХ-ны практикалық денсаулық сақтауға ендіруді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін жасалуда.

       Ал, келесі аптада ҰҒДСДО сарапшылары өз жұмыстарын Шымкент қаласы және Ұлытау облыстарында жалғастыратын болады.