ҰҒДСДО сарапшысы ДДҰ-ның денсаулық сақтаудағы цифрлық жүйелер жөніндегі екінші симпозиум жұмысына қатысты

 

 

 

         2023 жылғы 5-6 қыркүйек аралығында Португалиядағы Порту қаласында ДДҰ-ның «ДДҰ Еуропалық аймағындағы цифрлық дәуірдегі Денсаулық сақтау жүйелерінің болашағы» тақырыбында екінші Симпозиумы өтті.

         Іс-шараны ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Португалия Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырды.

         Бұл симпозиум ДДҰ Еуропалық өңірі үшін 2023-2030 жылдарға арналған цифрлық денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай өңірлік іс-қимыл жоспарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл құжат 2022 жылы ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72-ші сессиясында бекітілген болатын.

         Симпозиум жұмысына үкіметтердің, азаматтық қоғамның, кәсіби ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар қатысты.

        Аталмыш іс-шараға ҰҒДСДО тарапынан медициналық-статистикалық департаменттің директоры Жадыра Қарашутова қатысты.

        Симпозиум бағдарламасы пленарлық отырыстарды қамтыды. Жиын барысында жасанды интеллект, цифрлық денсаулық сақтаудың трансформациялық практикасы және телемедицина бойынша баяндамалар ұсынылды.

        Сондай-ақ, іс-шараның өту барысында цифрлық денсаулық пен медициналық технологиялардың экожүйесін көрсететін Португалияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі ұсынатын қызықты көрме:  электронды рецепттер, электронды медициналық карталарды пайдалану және тәулік бойғы телемедицина бағытында ұйымдастырылды.

        Жалпы симпозиум жұмысының екі күнінде қатысушылар болашақ денсаулық сақтаудың адамға бағытталған жүйелерін құрудағы цифрлық медициналық технологиялардың негізгі бағыттары мен рөлі, жасанды интеллект, телемедицина және денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту перспективалары мәселелерін ұсыныстар енгізе отырып, талқылады.