Елордада 2023 жылғы 28-29 тамыз аралығында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер, медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтар, денсаулық сақтау саласындағы мамандар, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен менеджерлер үшін «Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың өтелетін тізімдерін қалыптастыру және денсаулық сақтау технологияларын бағалау қағидалары бойынша ұйымдастырушылық аспектілері» тақырыбында семинар-оқыту өтті.
Бұл оқытудың мақсаты - тыңдаушыларды денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың ұйымдастырушылық аспектілерімен және дәрілік заттардың өтелетін тізімдерін қалыптастыру қағидаттарымен, денсаулық сақтау технологияларына кәсіби сараптама жүргізу және бағалау жөніндегі қолданыстағы нормативтік және құқықтық актілерімен және оларды денсаулық сақтау жүйесіне енгізу қағидаттарымен таныстыру болды.
Аталған оқытудың дәріскерлері ҰҒДСДО-ның жетекші сарапшылары: дәрілік саясат бағыты бойынша – Дәрілік саясатты жетілдіру департаменті директоры Л. Есбатырова, ал денсаулық сақтау технологияларын бағалау бойынша – Рационалды клиникалық практика департаментінің денсаулық сақтау технологияларын бағалау басқармасының бастығы Е. Бейсахметов болды.
Семинар жұмысына барлығы 15 адам қатысты.
Семинар-оқыту барысында қатысушыларға денсаулық сақтау технологияларын бағалауды жүргізу үшін өтінімдерді қалыптастыру бойынша практикалық құралдар, кәсіби сараптама жүргізу және оларды практикалық қолдану үшін құжаттамалары жөнінде айтылды.
Сондай-ақ, семинарда МТБ процестерінің ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық аспектілері және дәрілік заттарға кәсіби сараптама жүргізу бойынша түсініктемелер мен қажетті ақпарат берілді.
Жалпы, оқыту барысында тақырыптарға қызығушылық танытып, барлық қатысушылар оқу пікір талас форматында өтті.
Іс-шара соңында барлық қатысушыларға оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Анықтама ретінде:
Дәрілік заттарды технологияларды бағалау (ДСТБ) – бұл денсаулық сақтау технологиясы туралы ақпаратты жинау мен жинақтауды қамтитын көп салалы зерттеу процесі.
ДСТБ клиникалық тиімділік пен қауіпсіздікті, экономикалық тиімділікті және бюджетке әсерді, ұйымдастырушылық және әлеуметтік аспектілерді, этикалық және құқықтық мәселелерді қоса алғанда, бірқатар салаларды қамтуы мүмкін.