ХХ ғасырда қолданыстағы қоғамдастықтар шеңберінде сала қызметі дәрігерлік реттеуге және дәрігерлердің қажеттілігін қанағаттандыруға таралды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жекелеген мамандықтар бойынша кәсіби ұйымдар құрыла бастады. Әлемнің барлық елінде бұл бейінді қауымдастықтар негізінен клиникалық практика мәселелерімен айналысты.
Қазақстанда 1990 жылдан бастап медициналық қауымдастықтар құрыла бастады. Бүгінгі күні елімізде ұлттық немесе респбуликалық мәртебеге ие 5 қауымдастық, 100-ге жуық арнаулы кәсіптік қауымдастық бар, оларға мүшелік ерікті болып табылады және олар дәрігерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналыспайды, өзін-өзі реттеу және медицина кадрларын өзіндік басқару процестеріне тартылмаған.
Практикалық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуге бірлескен күшті шоғырландыру мәселелерін талқылау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ҰҒДСДО «Клиникалық практиканы жетілдірудегі кәсіби қауымдастықтардың рөлі» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Аралас форматта өткен дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Стандарттау басқармасының басшысы А.Н. Телешева, Еуразиялық медициналық қауымдастық вице-президенті Н.М. Петухова, «Республикалық медициналық палата» ҚБ президенті М.К. Құлжанов, «Респродуктивті медицина тәуелсіз қауымдастығы» ҚБ президенті В.Н. Локшин, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ДКжЗТҚ Басқарма төрағасы Н.К. Отарбаев және «Атамекен» ҰКП, ҰҒДСДО, үкіметтік емес ұйымдардың, еліміздің кәсіптік қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ медициналық қоғамдастық сарапшылары қатысты.
Кездесу шеңберінде Еуразиялық медициналық қауымдастық вице-президенті (ЕМА) Н.М. Петухова ЕМА мен ҚНПА (Жыныстық және репродуктивті денсаулық бойныша Қазақстандық қауымдастық) іске асырған жобалары мен әлеуметтік үлестер, оның ішінде фармацевтикалық сала субъектілерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бойынша қызметіне қатысты алғысөз айтты.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Республикалық медициналық палата» ҚБ президенті Мақсұт Құлжанов, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ДКжЗТҚ Басқарма төрағасы Нұржан Отарбаев, «Репродуктивті медицина тәуелсіз қауымдастығы» ҚБ президенті Вячеслав Локшин және басқалары өз пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысында кәсіби қауымдастықтардың денсаулық сақтау саласының әртүрлі бағыттарындағы жүргізіп жатқан жұмыстары, рөлі және қатысуларының көрнекі мысалдары бар, сондай-ақ үздік халықаралық тәжрибе мысалында клиникалық хаттамаларды әзірлеу бөлігінде таныстырылымдар ұсынылды.
Атап айтқанда, кәсіби ұйымдардың өкілдері, өз кезегінде еліміздің кәсіби ұйымдарының жұмысы бөлігінде, олардың маңыздылығын атап және клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау процестеріне қатысу бойынша өз ұсыныстарын білдіре отырып, проблемаларды талқылау үшін ашық алаңды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын, аталған бағытта серіктес болуға дайын екендерін айтты.
Кездесу соңында тараптар кәсіби қауымдастықтардың өкілдері ҰҒДСДО-ға кдиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау мәселелеріне қатысты проблемалық мәселелерді одан әрі талқылау үшін өз ұсыныстарын жіберетіні жөнінде келісті.
Сондай-ақ, кездесу барысында денсаулық сақтау мәселелерін ауқымды форматта талқылау және практикалық іске асыру бойынша өзара келісімге қол жеткізді.