Денсаулық сақтау саласындағы HR менеджмент бойынша өткізілген үш күндік оқыту семинары өз мәресіне жетті

 

           

 

            ҰҒДСДО алаңында ұйымдастырылған денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары бойынша оқыту семинары аяқталды.

           Семинар тыңдаушылары мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарының 12 мамандарынан, атап айтқанда медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, менеджерлері, мамандары, сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінен құралды.

           Бұл оқытудың басты мақсаты – мамандардың кадрлық менеджмент саласындағы кәсіби білімдерін, дағдыларын жетілдіру.

          Семинарда спикерлер жаңғыртылатын персоналды басқару қызметтерінің заманауи HR-менеджмент құралдарын енгізу бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларымен бөлісті.

          Оқыту барысында тыңдаушылар денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды нормативтік реттеу, қазіргі жағдайда адами ресурстарды басқару ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің басты нышаны ретінде талқылауға белсенді қатысты.

          Сонымен қатар, семинарда медицина қызметкерлерінің қажеттілігіне орта және ұзақ мерзімді алдын-ала болжамдар жасау туралы мәселеге ерекше назар аударылды.

          Жалпы, семинар қатысушыларының пікірінше танымдық сипатта өткізілді. Семинар сонымен қатар, денсаулық сақтаудың сапалы кадрлық әлеуетін қалыптастыру үшін тәжірибе алмасу және бірлескен күш-жігерді шоғырландыру алаңы ретінде өткізілген болатын.

         Айта кетейік, денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді болжау, мониторингілеу және жоспарлау тетіктерін жетілдіру және денсаулық сақтаудағы кадр саясатының идеологиясы мен әдіснамасын әзірлеу негізінде оларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде ҰҒДСДО денсаулық сақтаудың кадр ресурстары жөніндегі Ұлттық үйлестіруші болып табылатындығын атап өту қажет.