ҰҒДСДО сарапшыларының жұмыс сапарлары елдің Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасты

 

           ҰҒДСДО сарапшылары жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына келді.

          Осы апта ішінде 2-і сарапшылар тобы БҚО-да Бәйтерек аудандық ауруханасы, Зеленый дәрігерлік амбулаториясы, №4 қалалық емхана және Облыстық көпсалалы ауруханасына және СҚО-да Явлен аудандық ауруханасы, Корнилов дәрігерлік амбулаториясы, №1 қалалық емхана, сондай-ақ Облыстық көпсалалы ауруханасына барады.

          Естеріңізге сала кетейік, ҰҒДСДО сарапшылары өңірлік деңгейлерде практикалық денсаулық сақтауға клиникалық хаттамаларды (бұдан әрі-КХ) енгізуді тексеру үшін өңірлерге шыққан болатын.

          КХ мониторингінің негізгі мақсаты – КХ-да белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесін бағалау, клиникалық хаттамаларды ендіру негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгеруін анықтау болып табылады.

         Жалпы, КХ-ны ендіру мониторингі еліміздің барлық 20 өңірінде жүргізілетін болады, ал КХ-ны ендіруді мониторингілеу нәтижелері бойынша КХ-ны одан әрі жетілдіру және оларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалатын болады.

        Жақын арада сарапшылар республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларының медициналық ұйымдарына сапармен барады.

        Сондай-ақ, республикалық деңгейде КХ-ны мониторингі басталғанға дейін, ҰҒДСДО-ның өңірлік филиалдары медициналық ұйымдардың барлық жауапты тұлғаларының қатысуымен КХ-ны практикалық денсаулық сақтауға енгізуді дайындау және іске асыру барысы бойынша семинар-кеңестер өткізгенін атап өткен жөн.