HR менеджмент бойынша оқыту басталды

 

         Елордада 23 тамыз күні «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында оқыту басталды.

         Оқу аралас форматта (онлайн және офлайн) өткізілуде.

         Бұл семинар ҰҒДСДО-мен медициналық ұйымдардың басшыларын, басшы орынбасарларын, кадр бөлімдерінің бастықтарын, кадр мамандары мен HR қызметкерлерін оқыту үшін ұйымдастырылды.

         Семинардың спикерлері ҰҒДСДО-ның денсаулық сақтаудағы кадр ресурстарының Ұлттық обсерваториясының білікті сарапшы-практиктері.

         Үш күнге созылатын семинардың басты мақсаты - тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының нормативтік және реттеуші базасы, денсаулық сақтаудың кадр ресурстарынь реттеу мен басқару бөлігінде қажетті білім мен дағдыларды үйрету болып табылады.

         Қосымша айта кететін жәйт, ҰҒДСДО-ның оқытуларына қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша Білім беру бағдарламалары мен жобаларын басқару орталығына мына телефондар арқылы: 8 (7172) 700 950 (ішкі 1106, 1028), +77021905222, 87029088007 хабарласуыңызға болады.