С.Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО алаңында ҚР ДСМ-мен бірлесіп «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық мединицалық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтер тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту тарулы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Бұйрық) жобасын талқылау бойынша кеңес өткізілді.
Жиынды ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. К. Дюсенов ашып, жүргізіп отырды.
Кеңес жұмысына ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ҰҒДСДО, ҚР ӘМСҚ, ғылыми орталықтар мен ғылыми институттардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында қатысушылармен ағымдағы жылы жоғары технологиялық медициналық көмектің (бұдан әрі - ЖТМК) критерийлеріне сәйкес келетін технология тізбесін бағалау қорытындыларын және ЖТМК технологиясының мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі-ММК) қызметтеріне өту көрсеткіштерін қайта қарау мәселелерін талқылады.
Қазіргі таңда Бұйрықта барлығы ЖТМК 80 технологиясы ұсынылған.
«ЭРСБ» ақпараттық жүйесінің ақпаратына сәйкес, а.ж. 1 қаңтарынан бастап 20 тамызға дейін ЖТМК барлығы 14 492 науқасқа көрсетілсе, оның 522-і балалар. Ал, 1 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін ЖТМК 1 111 науқасқа көрсетілген. Оның ішінде 68-і бала.
Жиын қорытындысымен ЖТМК технологиясының ММК қызметтеріне өту өлшемшарттарын қайта қарау ұсынымдары мен ұсыныстары әзірленді.
Айта кету керек, жалпы алғанда, біздің елімізде ЖТМК медициналық ұйымдарда диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын қолдануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандармен көрсетіледі.