ҰҒДСДО Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау үшін 20-дан астам маман дайындады

 

 

 

        Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығында «Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау» тақырыбында бес күндік біліктілікті арттыру курсы аяқталды. Курс  60 академиялық оқу сағатын құрады.

        Оқуға денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар мен менеджерлер, бейінді дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, бакалаврлар және мейірбикелер қатысты.

        Курс шеңберінде тыңдаушылар денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің негізгі қағидаттарын және ұлттық аккредиттеу стандарттары мен заңнама талаптарына сәйкес медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу мәселелерімен жіті танысты.

        Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау» циклі бойынша оқудан өткендігін дәлелдейтін куәлік табысталды. Бұл сыртқы кешенді бағалау сарапшысы ретінде маман тартудың алғашқы критерийлерінің бірі болып саналады.