Бүгін Астанада ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы мен Назарбаев Университетінің Медицина мектебі арасында ынтымақтастық пен өзара келісім туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.
Құжат шеңберінде тараптар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық және ғылыми әлеуетін, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту мәселелерінде, іргелі және қолданбалы зерттеулердің, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникалық сараптамаларын бірлескен жобаларын әзірлеуде және іске асыруда, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау технологияларын бағалауда, сондай-ақ стратегиялық зерттеулерді сараптауда құжаттарды бірлесіп атқаратын болады.
Айта кету керек, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSOM) - Қазақстан тарихындағы АҚШ стиліндегі оқу бағдарламаларын ұсынатын алғашқы мектеп.
NUSOM Қазақстан Республикасындағы медициналық білімнің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы реформалардың міндеттеріне жауап беретін медициналық көмектің трансформациялық жүйесін жасау үшін құрылған.