ҚР ДСМ-ның сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

         

 

 

 

          2023 жылғы 17 тамызда ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Оған еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда әртүрлі бағыттарына жауапты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері, ҚР ДСМ С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулықты сақтауды дамыту орталығының Басқарма төрйымы, сараптамалық кеңес мүшелері, оның ішінде «Республикалық Медициналық Палата» ҚБ Басқарма төрағасы, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Вице-президенті, сондай-ақ, Қазақстандағы «UNFPA» елдік кеңсесінің ұлттық бағдарламалық талдаушысы қатысты.

         Кеңес талқылауына жыныстық және репродуктивті денсаулық саласында, оның ішінде төтенше гуманитарлық жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру туралы және ҚР ДСМ жаңа бағдарламалық және заңнамалық құжаттарының келісу кезеңдерін қарауға қатысты сұрақтар шығарылды.

         Пікірталас сараптамалық кеңес төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Құлжановтың алғы сөзімен ашылды. Төраға сарапшыларды сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібімен таныстырып, қазіргі таңда жыныстық және репродуктивті денсаулық саласындағы медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесінің өзектілігін баса атап өтті.

         Одан кейін, отырыс күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «UNFPA» елдік кеңсесінің ұлттық бағдарламалық талдаушысы С.Тәңірбергенов халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтауды жақсарту, контрацептивтерді сатып алу проблемасы және елге алынуы туралы жұртшылықтың назарына жеткізу жөніндегі шаралардың маңыздылығын баяндады.

         Сөз барысында «елде ана өлімінің құрылымы өзгерді, 90-шы жылдары, егер әйелдер арасындағы өлім-жітімнің басым көпшілігі қан кету себептерімен немесе акушерлік тәжірибенің әртүрлі шұғыл жағдайларына байланысты тіркелген болса, соңғы 15 жылда ана өлімінің көптігінің себебі созылмалы инфекциялық емес аурулардың тіркелуінен болып отыр», - деді.

         Сонымен қатар, жиын барысында сарапшы халықаралық ұсынымдар мен бағалау нәтижелерін ұсына отырып, төтенше гуманитарлық жағдайларда жыныстық және репродуктивті денсаулық  саласындағы медициналық көмекті ұйымдастырудың жаңа моделін таныстылымын өткізді.

          Жарыссөз барысында тәуелсіз сарапшылар болашақта еліміздің денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларға негізгі әдістемелік және сараптамалық сүйемелдеуді қалыптастыратын Сараптамалық кеңестің мәртебесін көтеру мәселесіне ерекше ден қою керектігін де айтты.

         Сондай-ақ, жиында сарапшылар ҚР ДСМ жаңа бағдарламалық және заңнамалық құжаттарын қарау және келісу кезеңдерін де талқылады.

         Мәселен, бүгінгі күні барлық НҚА және мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалық құжаттары «Ашық НҚА» порталында жарияланады және осы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін кез келген адам оларды талқылауға қатысу мүмкіндігіне ие.

         Еліміздің денсаулық сақтау желісі бойынша құқықтық құжаттармен танысу үшін мына сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/list?categoryId=844 өтсеңіз болады.

         Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес мүшелері жыныстық және репродуктивті денсаулықты сақтау саласында пайдаланылатын және еліміздің тұрғындарының денсаулығын сауықтыруға және қолдауға бағытталған бірқатар ұсынымдар берді.