Елордада еліміздің ғылымын дамыту мәселелері талқыланды

      Ғылымның дамуы - елдің тұрақты және қарқынды дамуында ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда елдегі өзекті мәселелерді шеше білу және әлемдік қоғамдастықтағы ғылыми өмірге араласу үшін бізге барлық деңгейлерде ғылым саласындағы білім беруді нығайту және ғылыми зерттеу әлеуетін дамыту қажет.

      Осы жұмыстарды іске асыру үшін Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығының (бұдан әрі-ҰҒДСДО) алаңында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясымен (бұдан әрі-ҰҒА) «Ғылымды дамытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

      ҰҒА -  жалпы ғылымның біріктіруші орталығы, сондай-ақ іргелі және қолданбалы зерттеулердің үйлестірушісі болып табылатынын атап өту қажет. ҰҒА-ның негізгі міндеттері - ғылымның қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу, Қазақстанда ғылымның дамуын болжау және ғылыми бағыттардағы басымдықтарды айқындау болып табылады.

      Ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына ҰҒА-ның Вице-президенті Л.Т. Ералиева, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Вице-президенті Н.М. Петухова, сондай-ақ, ҰҒДСДО, ұлттық ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтар мен медициналық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

     Іс-шара барысында қатысушылар ғылымның, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, сондай-ақ клиникалық зерттеулердің проблемалық мәселелерін жіті талқылады.

     Жалпы дөңгелек үстел жиын қатысушыларынының белсендігінің арқасында ерекше форматта өтті. Себебі, жиын қорытындысымен сарапшылар отандық ғылымды одан әрі дамытудың негізі бағыттарын талқылап,  бірлескен шешімдер қабылдады.

     Осы тұста, айта кету қажет, бүгінгі таңда ҰҒДСДО-да нысаналы қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

     Аталған маңызды жұмыстың негізінде болашақта ҰҒДСДО клиникалық зерттеулер бойынша үйлестіруші болуды жоспарлап отыр.