Бурабайда VIII жыл сайынғы «Шипажай-2023» халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.
Аталған іс-шараны ҚР Ұлттық курорттық қауымдастығы ұйымдастырды.
Форум жұмысына курортология саласындағы 150-ден астам қазақстандық және Ресей, Қырғызстан және Латвиядан халықаралық сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындары, оңалту орталықтарының, санаторий-курорттық ұйымдардың өкілдері, фармацевтикалық компаниялар мен медициналық жабдық өндірушілері қатысты.
Екі күн ішінде форумға қатысушылар медициналық туризмді, санаторлық-курорттық емдеуді, медициналық оңалтуды, курорттық бизнес индустриясын дамыту, оның базасында санаторлық емдеуді дамыту жөніндегі жаһандық міндетті шешу үшін елдің зияткерлік, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық ресурстарын біріктіру мәселелерін талқылады.
Осы ауқымды шара аясында ҚР ДСМ «С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-ҰҒДСДО) мен «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-курортология және медициналық оңалту ҒЗИ) арасында өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.
ҰҒДСДО тарапынан Басқарма төрағасы Гүлнар Құлқаева және Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ тарапынан директор Саягүл Қайыргелдинова қол қойған бұл құжат - еліміздің курортологиясы мен медициналық оңалтуын ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеу бөлігінде тығыз өзара іс-қимыл етуді көздейді.
Осылайша, тараптар жаңа медициналық технологиялар мен санаторий-курорттық кластерді дамыту, қосымша және бейресми білім беру бағдарламаларын, кадрлар даярлау бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру,сондай-ақ, бірлескен шаралар мен ғылыми форумдар өткізу, диссертациялық және ғылыми-клиникалық кеңестерде өкілдік ету туралы келісімге келді.