ҰҒДСДО медициналық ұйымдарды аккредиттеуге құжаттарды қабылдауды бастағанын хабарлайды

 

         ҰҒДСДО медициналық ұйымдарды аккредиттеуге құжаттарды қабылдауды бастады.

         Өтінімдер office@nrchd.kz электрондық мекенжайы арқылы қабылданады.

         Жалпы аккредиттеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша ҰҒДСДО-ның Денсаулықты сақтаудағы аккредиттеу департаментімен 8(7172) 700-950 (ішкі 1000, 1143, 1127, 1046, 1064, 1014) нөмірлері арқылы хабарласып, білуіңізге болады.

         Аккредитеуден өткізуші ұйымның жұмыс регламенті дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

         Сонымен қатар,  ҚР ДСМ «СУКМУ» АЖ қосылуға рұқсат  беру үшін медициналық ұйымдарға қажетті құжаттар тізімі (жүктеу),  ҚР ДСМ АЖ қолданушыға арналған өтінім (жүктеу) және ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме (жүктеу) үлгілері орналастырылды. 

          Бұған дейін атап өткеніміздей, аккредиттеуден өту - денсаулық сақтау ұйымында халыққа уақытылы әрі сапалы медициналық қызмет көрсетілуінің ресми танылуы болып есептеледі, сонымен қатар, елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру құқығы беріледі.