Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-ҰҒДСДО) алаңында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдерінің орталық аппарат және өңірлік филиалдар ұжымымен халықаралық бағдарламалар бойынша қызметкерлерді әлемнің озық оқу орындарында оқыту және тағылымдамадан өткізу мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметкерлері шетелде оқытудағы қажетті құжаттар, іріктеу кезеңдері туралы толық ақпарат ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысушылар медициналық бағыттағы халықаралық бағдарламалар бойынша оқыту және тағылымдамадан өту бойынша таныстырылымға алғыстарын білдіріп, шетелде тағылымдамадан өтуге ниеттерін білдірді.
Жалпы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелде кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызметі туралы толық ақпаратпен танысу үшін ресми сайттың сілтемесін https://bolashak.gov.kz/ru ұсынудамыз.