Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК-ның (бұдан әрі-ҰҒДСДО) сарапшылары медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне аккредиттеуді бастады.
Сыртқы кешенді бағалау «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген аккредиттеудің белгіленген қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы, медициналық ұйымдарды аккредиттеу ерікті негізде жүргізіледі.
Аккредиттеуден өту - денсаулық сақтау ұйымында халыққа уақытылы әрі сапалы медициналық қызмет көрсетілуінің ресми танылуы болып есептеледі, сонымен қатар, елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру құқығы беріледі.
Аккредиттеуге қатысты барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз 8172 700-950 (ішкі 1143) нөмірі бойынша ҰҒДСДО аккредиттеу департаментіне хабарласа аласыз.
Осы орайда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес ҰҒДСДО аккредиттеуші орган болып табылатынын атап өткен жөн.