Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы ерекше бақылауда

 

 

 

         Облыстың кадр тапшылығы мәселелерін шешу бойынша міндеттерді айқындау және шаралар тізбесін әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мен «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК сарапшысы бірлесіп Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

         Сапар барысында облыстың денсаулық сақтау басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығының өңірлік филиалы қызметкерлерінің және облыстың медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиын аясында қатысушылар медициналық кадрларды тарту және ұстап қалудың, медициналық кадрларға қажеттілікті жоспарлау мен болжаудың, тапшылықты азайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

         Сондай-ақ, кеңес барысында «ТБЖ» ақпараттық жүйесін толтыруда және жұмыс істеу барысындағы проблемалық мәселелері, сонымен қатар, медициналық ұйымдар қызметкерлерімен көтерілген мәселелерді қарауға ерекше назар аударылды.

          Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында барлығы 10 088 денсаулық сақтау қызметкері бар. Оның ішінде: дәрігерлер - 2 459, орта медицина қызметкерлері - 7 629  . 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу деңгейі - 32,1-ді құрап отыр.

          Облыста 340 денсаулық сақтау қызметкерлеріне тапшылық бар. Оның ішінде дәрігерлер - 205, орта медицина қызметкерлері - 135.

          Жалпы алғанда, денсаулық сақтаудағы кадр тапшылығы әлемдік деңгейде мойындалған  және осындай сапарлар денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы саласындағы басқарудың әртүрлі деңгейде үйлестіруге және болашақта бір бағытта қызмет етуге және жоспар құруда маңызды рөл атқарады.

          Сапар соңында, денсаулық сақтау сарапшыларымен жас мамандарды қолдаудың өңірлік бағдарламалары мен шараларын әзірлеу, жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, сондай-ақ медицина қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.

           Осы тұста айта кету қажет, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК  (бұдан әрі-Орталық) денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.

           Бүгінгі таңда Орталықпен медицина қызметкерлеріне, сала қызметкерлерін даярлауға, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруға сұранысты анықтауда.

           Осы жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірлер мен көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде кадрлар теңгерімсіздігін төмендетуге, сондай-ақ елдің денсаулық сақтау кадр ресурстарын тиімдірек басқаруға ықпал етуде.