Клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіруді мониторингілеу жұмыстары басталды

         

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі-Орталық) сарапшылары Астана қаласының №9 қалалық емханасынан (бұдан әрі-медициналық ұйым) клиникалық хаттамалардың (бұдан әрі-КХ) практикалық денсаулық сақтауға ендіру мониторингін бастады.

         Клиникалық хаттамаларды ендіруді мониторингтеу негізгі мақсаты - клиникалық хаттамаларда белгіленген ұсыныстардың сақталу дәрежесін бағалау, клиникалық хаттамаларды ендіру негізінде медициналық көмек көрсету сапасының өзгеруін анықтау болып табылады.

         Мониторинг аясында сарапшылар КХ 15 бейінінің 33 нозологиясы бойынша медициналық карталарға талдау жүргізеді. Сондай-ақ, клиникалық хаттамаларды ендіру бойынша медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдардың басшыларына сұрау жүргізу сауалнама процедурасы арқылы жүргізіледі.

        Осы сарапшылар КХ-ны 3 деңгейде: аудандық, қалалық және облыстық, стационарлық және амбулаториялық емханалық көмек ұйымдарында ендірудің тиімділігіне бағалау жүргізетін болады.

        КХ-ны ендіру мониторингілеу нәтижелері бойынша КХ-ны ендіру тиімділігіне талдау, оларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру бойынша кедергілерді анықтау жүргізілетін болады.

        Жалпы талдау негізінде КХ-ны одан әрі жетілдіру және оларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалатын болады.

        Айта кететін жәйт, Орталықтың базасында а.ж. 19-27 шілде аралығында елімізде клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтау саласына ендірудің негізгі міндеттері, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауда ендіру және қолдану мониторингінің практикалық алгоритмі және клиникалық хаттамаларды практикалық денсаулық сақтауға ендіру мониторингін жүргізу бойынша  барлығы 1135 ұлттық, өңірлік үйлестіру мамандары оқытылды.

      Анықтама:

     Клиникалық хаттама – профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік медициналық көмек бойынша негізгі стандарттардың бірі болып табылады.

    Бүгінгі таңда елімізде кәсіби қауымдастықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеуге және оларды енгізуге қатысады.

    Ғылыми зерттеу институттары, ұлттық орталықтар, бейінді медициналық орталықтар клиникалық хаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде, өз кезегінде Орталық дәлелдемелік базаға сәйкес клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізеді.