Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық комиссиясының отырысы өтті

Астана қаласында 2023-2024 оқу жылына арналған резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық комиссиясының отырысы өтті. Биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен резидентурада кадрлар даярлауға арналған орындар саны 2 500-ге дейін ұлғайды.

Бөлінген гранттар кадрларды даярлауды өңірлендіруді немесе ҰО ҒЗИ ЖОО облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға жас мамандарды кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бекітуді ескере отырып, 49 клиникалық мамандық бойынша бөлінді.

Комиссия отырысының материалдарын дайындауды Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы атынан Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші жүргізді. Орталық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларынан кадрлар даярлауға арналған өтінімдерді (барлығы 2 559), білім және ғылым ұйымдарының қажеттілігін және конкурсқа қатысу үшін өтінім берген ҰО ҒЗИ ЖОО мүмкіндіктерін (барлығы 22 ұйым), сондай-ақ халықтың сырқаттану динамикасы, дәрігерлік персоналдың жас құрылымы туралы деректерді ( зейнеткерлік, зейнет алды жасын), мамандардың кетуін ескерді.

 

ҚР ДСМ Комиссиясының осы отырысының 24 мамырдағы хаттамасы алдағы күнтізбелік оқу жылына орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жыл сайынғы бұйрығын шығару үшін негізге алынды.

 

Клиникалық мамандықтар бөлінісінде қалыптастырылған резидентурада медициналық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім және ғылым ұйымдары арасында орналастырылатынын атап өтеміз. Мұндай грантты алған дәрігерлер резидентураның білім беру бағдарламасы аясында білім алады және медициналық ұйымда тәлімгердің қадағалауымен жұмыс істейді.