Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы

«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы  Гүлнар Құлқаева «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру.Денсаулық сақтаудағы тиімді басқару»  XI Халықаралық конгресінде (Мәскеу) сөйлеген сөзі аясында Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы хабарлады.

Г. Құлқаева атап өткендей, республикада денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі негізгі 7 бағыты: салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадрлардың біліктілігін арттыруды даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру, дәрілік қамтамасыз етуді және фармацевтика өнеркәсібін дамыту, медициналық және фармацевтика, сондай-ақ медициналық ғылымды қаржыландыру болып табылады.

Бұл ретте «Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы  Гүлнар Құлқаева бүгінгі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің бағдарламалық құжаттары Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы болып табылады, деп хабарлады.

Мәселен, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында тірек және спутниктік пункттерде 420 МСАК объектісін, 4 инсульт орталықтары мен коронарлық араласу орталықтарын салу және ашу, ауданаралық және аудандық ауруханаларды жаңғырту, шалғайдағы ауылдық жерлердің тұрғындары үшін медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін құру күтілуде.

Сондай-ақ онкологиялық қызметті жаңғырту, II деңгейдегі 8 инсульт орталығын және 4 ТКА орталығын ашу, тыныс алу медицинасын дамыту, туберкулезге қарсы қызметті жаңғырту жоспарлануда.

Бұдан басқа, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде биыл жоспарланған 655 МСАК-тың 309 нысанын іске қосу, сондай-ақ 7 КААО  жөндеу және қайта құру, 575 заманауи медициналық жабдықпен жарақтандыру, 300-ден астам медицина қызметкерін даярлау, 3,2 млн-ға жуық ауыл тұрғындарын кәсіби тексерулермен қамту, шалғайдағы ауылдардың 1,5 тұрғынын АМК қызметімен қамту күтілуде, МП және ФАП жабдықтарымен жарақтандыруды қайта қарау күтіледі.

 «Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК Басқарма төрайымы  Гүлнар Құлқаева Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы осы бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғаяды (2022 жылғы деректер бойынша ол 74,4 жылды құрайды), денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру елдің ЖІӨ-нің кемінде 5% - % құрайды, сондай-ақ қосымша 4 млн-нан астам ауыл тұрғыны мамандандырылған медициналық қамтамасыз етіледі деп күтілуде ал ауылдық денсаулық сақтау нысандары медициналық кадрлармен қамтамасыз етілді, деп хабарлады.

Сонымен қатар, Гүлнара Құлқаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігі цифрландыру саласын дамытуға көп көңіл бөледі, деп атап өтті.

Бүгінгі таңда, республикада денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2 еседен астам өсті, медициналық көмектің қолжетімділігі артты, жаңа инновациялық технологиялар енгізілуде, нәтижесінде елдегі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсаруда.

Айта кетейік, 22-26 қазанда Астана қаласында Алматы декларациясының 45 жылдығына және Астана декларациясының 5 жылдығына арналған МСАК бойынша Жаһандық конференция өткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру. Денсаулық сақтауды тиімді басқару» (Мәскеу) XI халықаралық конгресінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқарудың жоғары мектебі жүргізеді. Оған гибридті форматта Ресейдің барлық аймақтарынан және ТМД елдерінен 10 мыңнан астам қатысушы қатысады. Іс-шара бағдарламасына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мемлекеттерінің денсаулық сақтау өкілдері арасында тәжірибе алмасуға арналған «Көпполярлы әлемнің денсаулық сақтауы: ортақ мақсаты бар нысандардың әртүрлілігі» сессиясы кіреді. Жалпы, Конгресс шеңберінде халықтың денсаулығын жақсартуға, медициналық көмек пен білім беруді басқаруға, ұйымдастыруға, ақпараттық технологияларды енгізуге, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті қамтамасыз етуші салаларды дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланады.