Астанада медициналық мекемелерінің басшылары мен мамандары үшін біліктілікті арттыру курсы шеңберінде оқу өтті

22-26 мамыр аралығында Астанада ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында Қазақстанның медициналық мекемелерінің басшылары мен мамандары үшін "Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы шеңберінде оқу өтті

Курс бағдарламасы осы қызметтердің өзекті мәселелерін қамтиды. Оқыту нәтижесінде тыңдаушылар көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі сараптама қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бойынша қолда бар құзыреттерді жетілдіріп, жаңа құзыреттерге ие болды.

ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы қоғамдық денсаулық сақтау саласында осы біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлеуші болып табылады және мұндай курстарды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

 

Медициналық ұйымдардың басшылары, сапа жөніндегі басшылардың орынбасарлары, пациенттерді қолдау қызметтерінің және медициналық ұйымдардың ішкі сараптамасы басшыларына осы тақырып бойынша оқудан өту өзекті болады.

Оқытуды қоғамдық денсаулық сақтау, HR-менеджмент және медициналық ұйымдардағы сапаны басқару саласындағы жетекші мамандар, медициналық ұйымдарды аккредиттеу және тәуекел-менеджмент, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы медиация және коммуникация саласындағы мамандар жүргізеді.

Курс шеңберінде медициналық көмек көрсетуді және аккредиттеуді ұйымдастырудың заманауи стандарттары, ҚР өзекті нормативтік-құқықтық актілері, медициналық көмектің сапасын бағалаудың параметрлері мен индикаторлары талқыланады

Біліктілікті арттырудың осы қосымша кәсіби бағдарламасының өзектілігі елдің медициналық ұйымдарында сапаны басқаруды одан әрі жетілдіру қажеттілігімен негізделген.

 

Анықтама

«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК ғылыми негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуіне және халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту жөніндегі Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.

Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Орталық сондай-ақ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.