ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ГҮЛНАР ҚҰЛҚАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

 

"Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы болып Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева тағайындалды.
Гүлнара Құлқаева 1969 жылы туған. 1994 жылы Астрахань мемлекеттік медицина академиясын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша дәрігер біліктілігімен, 2009 жылы Нагой университетінде (Жапония) магистратураны (Graduate Medical School of Nagoya University) "Денсаулық сақтауды басқару" мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы - Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2015 ж. - Almaty Management University (Халықаралық бизнес академиясы) "Іскерлік әкімшілендіру, іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Гүлнар Құлқаева еңбек жолын 1996 жылы Астрахань облыстық клиникалық инфекциялық аурулар ауруханасында инфекционист дәрігер ретінде бастаған.
2002 - 2010 ж.- Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті медициналық-санитариялық алғашқы көмек басқармасының бас сарапшысы,
2010 ж. – 2014 ж. - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық жұмыс және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті амбулаториялық-емханалық көмек басқармасының бастығы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.
2014 ж. – 2015 ж. - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры.
2015 ж. – 2016 ж. - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
2016 ж. – 2017 ж. - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2017 ж. – 2018 ж. - "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ, Медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры.
2018 ж. – 2021 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкология орталығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
2021 ж. – 2023 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ғылыми онкология орталығының басқарма төрағасы.
Гүлнара Құлқаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғысы мен Құрмет грамоталарына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісіне ("Денсаулық сақтау үздігі") (2008 ж.), "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі" (2012 ж.), "Ерен еңбегі үшін"медаліне ие.
Анықтама
"Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК ғылыми негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуіне және халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту жөніндегі Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.
Орталық өз жұмысының барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.
Орталық сондай-ақ Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.