«Медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздері» оқу курсы аясында тыңдаушылардың алғашқы легі Астана қаласында оқуларын аяқтады

Бұл курс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша осы бағыттағы мамандарға бүкіл республика бойынша жоғары қажеттілікті және Қазақстан өңірлеріндегі ауруханаларды жаңа медициналық жабдықтармен жарақтандыру қажеттілігін ескере отырып әзірленді және өткізілді.  Елордаға республиканың 13 өңірінен 26 қатысушы оқуға келді.

Медициналық техника мамандарына арналған курс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен бүкіл Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері үшін әзірленді. Оқу циклін әзірлеуші және ұйымдастырушы – ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК.

Курс шеңберінде оқыту 2023 жылғы 20 ақпаннан 17 наурызға дейін созылды. Оған қатысу үшін елордаға республиканың 13 өңірінен 26 адам келді, оның ішінде медициналық техниканы жоспарлау мен қамтамасыз етуге жауапты денсаулық сақтау менеджерлері.

Бұл 2022 жылдың қарашасында басталған оқу курсының екінші ағымы. Бір ай ішінде тыңдаушыларға республиканың медициналық техника айналысы саласындағы нормативтік, реттеуші базасы және жүргізіліп жатқан орталықтандыру шеңберінде сатып алуды басқару, сатып алуды жоспарлау, заманауи медициналық техниканың түрлері бойынша ұсыныстарды талдау, шешімдер қабылдау үшін менеджменттің заманауи құралдарын пайдалану, технологияны бағалау, оны сатып алу және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру, денсаулық сақтау нысандары және т.б құрылысты жоспарлау ерекшеліктері бойынша толық ақпарат берілді.

Оқытуды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, «СК-Фармация» ЖШС, «Turar Healthcare» КЕАҚ жоғары білікті сарапшы-практиктері жүргізді. Бағдарламаға медициналық техника өндірушілерінің, оның ішінде отандық техника өндірушілерінің өкілдері қатысты.

Бағдарлама барысында тыңдаушылар Астана қаласының жетекші медициналық клиникаларына барды. Ол бағдарламаға Республикалық диагностикалық орталық, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы кірді. Бұл кездесулердің мақсаты-еліміздің алдыңғы қатарлы орталықтарының мамандары пайдаланатын жаңа технологиялар мен озық жабдықтармен, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға және қызмет көрсетуге жауапты қызметтердің жұмысын ұйымдастырумен танысу мүмкіндігі. Осы медициналық мекемелердің өкілдері қонақтармен соңғы медициналық техниканы қолдана отырып пациенттерді емдеу тәжірибесімен бөлісті, дәрістер өткізді және қолда бар жабдықтарды көрсетті.

Курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен «ДЗМБСҰО» ШЖҚ РМК және «СК-Фармация» ЖШС, Салидат Қайырбекова атындағы ДСДҰҒО басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел барысында оның қатысушылары өңірлердің проблемалық мәселелерін талқылады, пікір алмасты, сондай-ақ медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Юрьевич Дудник өз сөзінде республика бойынша осы мамандарға қажеттіліктің жоғары деңгейін атап өтті, осыған байланысты министрлік осы біліктілікті арттыру курсын әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, осы бейіндегі мамандар республика бойынша көптеген медициналық ұйымдарда, әсіресе өңірлерде сұранысқа ие. Өткізілетін курстың оқу жоспары шеңберінде медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу саласындағы барлық негізгі мәселелер қамтылды.

 «Біз сіздерге осы білімді заманауи технологиялар мен сапалы, уақтылы медицина барлық өңірлердегі азаматтарымызға жетуі үшін бердік. Сонымен қатар, бұл білім сізге аймақта сұранысқа ие мамандар болуға мүмкіндік береді. Біздің курс аясында сіздер үлкен білім алдыңыздар, жоспарлау және сатып алу туралы қажетті ақпарат алдыңыздар, тәжірибелі мамандардың дәрістерін тыңдап, республиканың үздік клиникаларына барып, жаңа технологиялар мен озық жабдықтармен таныстыңыздар. Мұның бәрі жергілікті жерлерде, өңірлерде медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігін арттыруға және тиісінше халықтың денсаулық деңгейі бойынша неғұрлым жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылай келе, Вячеслав Дудник дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде айтты.

Өз кезегінде, Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшылығы атап өткендей, курс тыңдаушыларының алған білімі оларға өңірлердегі сұраныстар мен қажеттіліктерге жедел ден қоюға, қажетті талдау жүргізуге және қажеттілікті негіздеуге, сатып алуға қажетті құжаттаманы уақтылы және сапалы дайындауға, уақтылы және сапалы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бүкіл республика бойынша медициналық көмек көрсету сапасына оң әсер ететіні сөзсіз.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының жоспарларында медициналық техника бойынша осы біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде өткізу жоспарланған.

Келесі курсты өткізу 2023 жылдың сәуір айында жоспарланған.

Анықтама

«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК ғылыми негізделген талдау, озық инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау саласының жұмыс істеуіне және халық денсаулығының жай-күйіне мониторинг жүйесін қамтамасыз ету, салалық ақпараттық жүйені дамыту және елдегі менеджмент институтын күшейту жөніндегі Қазақстандағы жетекші ұйым болып табылады.

Орталық өз жұмысы барысында мемлекеттік бағдарламаларды, жол карталарын, салалық жобаларды және түрлі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және әдіснамалық тұрғыдан іске асыруға қатыса отырып, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Орталық сондай-ақ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның жұмыс органы, Формулярлық комиссияның жұмыс органы болып табылады, олардың жұмысын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып табылады.