АЛМАТЫДА АЛҒАШ РЕТ ДДҰ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТҰРАҚТЫ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтеді.

Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨКТК) Өңірлік директорға консультаця беретін Еуропалық өңірлік деңгейдегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайды.

Биыл Қазақстанның ӨКТК-ға төрағалығы аясында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында ӨКТК көшпелі кездесуі өтуде.

Кездесу барысында ӨКТК мүшелеріне Өңірлік директордың есебі, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек туралы ақпарат ұсынылады, төтенше жағдайларға ден қою мәселелері, ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы бағдарламасының жобасы және МСАК бойынша халықаралық конференция талқыланады.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға 100-ден астам елдің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы мамандар офлайн және онлайн режимде қатысады.

Бүгінгі доктор Ханс Клюгемен кездесудің күн тәртібінде Денсаулық сақтау министрлігінің ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен, оның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастығының негізгі аспектілері талқыланады.