«С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК республиканың барлық өңірлерінде орналасқан 20 өңірлік филиал құрып, қайта құру жұмыстарын жүргізді

«С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК (ҰДСДҒО) республиканың барлық өңірлерінде орналасқан 20 өңірлік филиал құрып, қайта құру жұмыстарын жүргізді. Аумақтық филиалдардың және ҰДСДҒО даярланған білікті мамандарының болуы Орталыққа ең шалғай елді мекендерде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

 «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» РМК  (ҰДСДҒО) статистикалық деректерді жинау мен өңдеудің бірыңғай әдіснамасын сақтау мәселелері бойынша әлеуетті нығайту жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асырады. Орталық сонымен қатар ДДҰ бөлімшелерімен халықаралық жіктеуіштер негізінде халықтың өлімінің себептерін кодтаудың және талдаудың әдістемелік тәсілдерін зерделеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

ҰДСДҒО және оның филиалдары уәкілетті органға жедел, ахуалдық, медициналық-статистикалық, талдамалық ақпарат береді, сондай-ақ күнделікті мониторинг жүргізеді және тәулік бойы стационарларға емдеуге жатқызуды үйлестіруді жүзеге асырады. Орталық сондай-ақ көрсетілген медициналық қызметтердің мониторингін, республиканың ауылдық денсаулық сақтау және онкологиялық қызмет деңгейіндегі медициналық ұйымдардың қызметіне мониторингті және т.б. жүргізеді.

Күнделікті негізде, әдіснамалық сүйемелдеуді басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта филиалдардың маман дәрігерлері, медициналық статистиктері (әдіскерлері) жүзеге асыратын барлық медициналық ұйымдардан тәулік бойы деректер жиналады. Статистикалық деректер ДСМ, ПӘ, ПМК, БНС СЖРА ҰСБ, басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ  ДДҰ, ЮНФПА, БҰҰ және т. б. халықаралық ұйымдарға ұсынылады.

  Бұдан басқа, барлық негізгі ақпарат, оның ішінде: ресурстар, процестер және қызмет нәтижелері, бекітілген НҚА сәйкес, денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі бағыттарына (кардиологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, травматологиялық, гинекологиялық, онкологиялық, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық қызметтер және т.б.) жетекшілік ететін барлық бейінді ҒЗИ мен ҰО беріледі.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ҰДСДҒО қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби кадр ресурстары шоғырланған.

Қалыптасқан дерекқорды тиімді пайдалануды тұрақты мониторингтеу және бағалау үшін бірнеше жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауларды жинау мен өңдеудің басынан бастап өңірлер мен денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және сапасы мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық қорытындылар мен ұсыныстарға дейін үздіксіз байланыс жолға қойылып, бақыланады.

Бұл қызметтердің әлеуметтік маңыздылығы басқарушылық шешімдер қабылдау және сенімді, толыққанды, объективті және өзекті статистикалық ақпаратқа негізделген елдің мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін одан әрі стратегиялық дамыту үшін маңызды болып табылады.