ҰҒДСДО Қазақстандағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы елдік кеңсесінің өкілдерімен кездесті
Кездесу барысында Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Басқарма төрағасы Александр Костюк ДДҰ елдік кеңсесінің Қазақстанға көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы д-р Кэролайн Кларинваль Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту және реформалау үшін ҰҒДСДО-ның маңызды стратегиялық рөлін атап өтіп, басқа елдердің табысты тәжірибесін және денсаулық сақтау жүйелерін ұйымдастырудың үздік практикаларын ұсыну арқылы және Орталықты елдік кеңсенің болашақ жобаларына тарту арқылы ұйымға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу барысында ҰҒДСДО-ның ДДҰ-мен ынтымақтастығының келесі басым бағыттары талқыланды: дәрілік саясат, антибиотикке төзімділік, денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру, инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау, денсаулық сақтау экономикасы, ғылымды дамыту, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, оның ішінде Қазақстанда АХЖ-11 енгізу (аурулардың халықаралық жіктемесі 11 қайта қарау) және т. б.