Құрметті әріптестер!
Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО «Journal of Health Development» (РҒДИ, CrossRef, CyberLeninka, Google Schoolar индекстелетін) журналында бірегей зерттеулер мен шолу мақалаларын жариялау үшін өз алаңын ұсынады.
Журнал тоқсан сайын жарық көреді және денсаулық сақтау стратегиясы мен саясаты, денсаулық сақтау менеджменті мен корпоративтік басқару, денсаулық сақтау экономикасы, қоғамдық денсаулық және өзге де тақырыптардағы өзекті мәселелері бойынша Policy Brief бірегей және шолу мақалаларын жариялайды.
Жарияланымдарды кеңінен талқылау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық денсаулық сақтау тәжірибесіне енгізу үшін редакция мақалаларға (OpenAccess) толық ашық қолжетімділік саясатын ұстанады.
Жас ғалымдарды қолдау мақсатында біздің журнал әр нөмірде еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының магистранттары мен PhD докторанттарының мақалаларын жариялайтынын атап өткен жөн.
2021 жылы жаңадан тіркелген пайдаланушылар үшін мақала жариялау тегін. Жарияланымдарды ұсыну толығымен онлайн режимінде және пайдаланушы үшін қиындық тудырмайды. Әр мақалаға doi нөмірі беріледі (CrossRef қолдауымен).
Journal of Health Development – мақалалары екіжақты «жасырын» рецензиялау рәсімінен өтетін, жарияланымдар этикасы принциптерін қатаң ұстанатын халықаралық басылым.
Қосымша ақпарат үшін: 7172 700-950 (1135), 8702-879-01-76
Журнал мазмұнымен сайтта танысуыңызға болады: http://jhdkz.org