ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін басымдықты тақырыптар бойынша 2022 жылы денсаулық сақтау технологияларын одан әрі бағалау үшін тақырыптарды приоритизациялауға өтінімдерді 2022 жылғы 25-ші наурызға дейін қабылдайтынын хабарлайды.
Өтінімдер «Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ215/2020 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес толтыруы қажет.
Өтінімдер ілеспе хатпен «Денсаулық сақтау технологиясын бағалау және талдау бөліміне» деген белгімен, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 19-үй блок – А, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына пошта арқылы және (office@rcrz.kz) электрондық поштасына жіберілуі тиіс.