ДДҰ географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесінің (ГҚО) өкілдерімен кездесу өтті

 
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
 
 
 
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында Мелита Якаб бастаған ДДҰ географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесінің (ГҚО) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында ҰҒДСДО-ның медициналық санитарлық алғашқы көмек мәселесі бойынша ГҚО кеңсемен екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
 
ҰҒДСДО мен ДДҰ ГҚО арасындағы ынтымақтастық біраз уақыттан бері жалғасып келе жатқанын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы құрылымында МСАК дамыту орталығы 2021 жылы мемлекет басшысының МСАК-ты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау аясында құрылған болатын.
Өткен жылы МСАК бейінді қауымдастықтарынан, медициналық университеттерден және басқа да мүдделі ұйым сарапшыларынан 8 жұмыс тобы құрылып, негізгі бағыттар бойынша МСАК ағымдағы жағдайына бірлесіп талдау жүргізілді. Қазақстанда осы тұрғыда анықталған түйінді мәселелері мен проблемаларды шешу жолдары өткен жылдың соңында жарияланған Қазақстан Республикасындағы Медициналық санитарлық алғашқы көмек жөніндегі ұлттық баяндамада негізге алынды.
 
 
 
 
Возможно, это изображение (8 человек, люди стоят и в помещении)
 
 
 
 
Бүгінгі кездесу барысында тараптар Ұлттық баяндамада ұсынылған шешімдерді бірлесіп іске асыруға уағдаласты. Сондай-ақ, бұрын әзірленген Қазақстандағы МСАК қызметінің тиімділігін бағалау индикаторларын (оның ішінде оның ауылдық деңгейде қолжетімділігін) бірлесіп имплементациялау туралы шешім қабылданды.
Кездесу барысында ҰҒДСДО басқарма төрағасы Александр Костюк Мелита Якаб пен географиялық жағынан қашық орналасқан ДДҰ кеңсесінің техникалық офицері доктор Арнольдас Юргутисті орталықта шығатын «Journal of Health Development» журналының редакциялық алқасының құрамына шақырды.
 
 
 
 
Возможно, это изображение (3 человека, люди сидят, офис и в помещении)
 
 
 
Тараптар сондай-ақ, ҰҒДСДО және ДДҰ ГҚО қатысуымен бірлескен халықаралық жобалардың мүмкіндіктерін талқылады. Орталықтың кадрлық және ғылыми әлеуетін, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің сараптамалық зерттеулердегі бай тәжірибесін ескере отырып, Александр Костюк бірлескен жобаларға қатысуға дайын екендігін жеткізді. Ынтымақтастық нұсқаларының бірі ретінде МСАК реформасын және оның халық денсаулығына әсерін бағалау әдістемесін бірлесіп әзірлеу ұысынысы болады.