Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында болды. Сенатор орталықтың қызметімен және даму бағыттарымен жан-жақты танысты. Ұжыммен пікір алмасу барысында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттер және ҰҒДСДО-ның қолдауымен кешенді шешуді талап ететін жекелеген мәселелер қозғалды.
Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, талдаулар мен зерттеулермен айналысатын сарапшы ұйым ретінде орталықтың маңызды рөлін атап өтті.
Депутат кездесудің өзектілігін атап өтіп, өз тарапынан еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық бір буыны ретінде Орталықтың қызметі мен тұрақты дамуын жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды.