Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығына жаңа басшы сайланды

 

Костюк Александр Владимирович ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

 

А.В.Костюк 1970 ж. 27 шілдеде дүниеге келген. 1993 ж. «Астана медицина университетін» педиатрия мамандығы бойынша бітірген.

 

ЖОО бітіргеннен кейін «Астана медицина университетінде» 17 жыл (1993-2010 жж.) жұмыс істеді, аспиранттан кафедра меңгерушісіне дейінгі жолды жүріп өтіп, клиникалық фармакология, педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау кафедраларында педагогикалық, ғылыми және емдеу қызметін үйлестірді. Сондай-ақ әр жылдары бірқатар әкімшілік лауазымдарды атқарды (факультет деканының орынбасары, стратегиялық даму департаментінің басшысы, сапа жөніндегі басшылықтың өкілі және басқалары).

2007 жылы Вирджиния Достастық университетінде (Ричмонд, АҚШ) саясат, экономика және денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша білім алды. 2009 жылы ДДҰ Еуропалық бюросында денсаулық сақтау менеджменті және денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайларды басқару мамандығы бойынша оқудан өтті.

2010-2013 жылдар аралығында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында (қазіргі Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО) медициналық технологияларды стандарттау және бағалау орталығының басшысы.

 

2013-2018 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласындағы экономикалық бағалау және медициналық нәтижелерді бағалау халықаралық ұйымының (ISPOR) денсаулық сақтау саласындағы саясат, экономика және технологияларды бағалау мәселелері бойынша модульдік бағдарламасы шеңберінде оқыған.

2013-2014 жж. Республикалық дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту институтының білім беру қызметі жөніндегі проректоры.

2014-2015 жж. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің денсаулық сақтау саясаты және технологияларды бағалау кафедрасының меңгерушісі.

2015-2017 жж. Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі Қазақстандық агенттікті басқарды.

2017-2018 жж. – Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Ұтымды клиникалық практика орталығының басшысы.

2018-2019 жж. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына қарасты Баға белгілеудің сараптамалық-талдау орталығының басшысы.

2019-2020 жж. ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры.

2014-2015 жж.  Денсаулық сақтау технологияларын бағалау бойынша ISPOR дөңгелек үстелдерінің тең төрағасы, 2018-2020 жылдары полисимейкерлер, төлеушілер Азия-Тынық мұхиты комитетінің және ISPOR Денсаулық сақтау технологияларын бағалау агенттіктерінің сайланған төрағасы.

 

2021 жылдан бастап денсаулық сақтау саясаты мен экономикасы, ұтымды клиникалық практика, дәрілік саясат және денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі консультант. ДДҰ, Денсаулық сақтаудағы экономикалық бағалау және медициналық нәтижелерді бағалаудың халықаралық ұйымының (ISPOR) сарапшысы, сондай-ақ, Денсаулық сақтау вице-министрінің және Қазақстан денсаулық сақтау технологияларын бағалау, дәлелді медицина және фармакоэкономикалық зерттеулер қауымдастығы президентінің кеңесшісі болды.

 

Денсаулық сақтау технологияларын бағалау бойынша халықаралық қауымдастықтың ((HTAi), Денсаулық сақтаудағы экономикалық бағалау мен медициналық нәтижелерді бағалаудың халықаралық ұйымының (ISPOR) және Денсаулық сақтау экономистерінің халықаралық қауымдастығының (IHEA) мүшесі.

 

Дәлелді медицина және фармакоэкономика бойынша оқу құралдарының, сондай-ақ отандық және шетелдік медициналық басылымдарда жарияланған 10-нан астам әдістемелік ұсынымдардың (Денсаулық сақтау технологияларын бағалау, фармакоэкономика, дәлелді медицина және клиникалық нұсқаулықтарды/хаттамаларды әзірлеу) және 100-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы. «International Journal of Epidemiology and Health Sciences» (Нидерланды) және «Фармакоэкономика. Современная фармакоэкономика и фармакоэпидемиология» (Ресей Федерациясы) ғылыми журналдары редакция алқасының мүшесі.

 

Марапаттары: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі». «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісі.