4 ақпан – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні
Бұл күннің мақсаты – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Қатерлі ісік ауруын ерте анықтаудың екі әдісі бар – ерте диагноз қою және скрининг (ісік диагнозын ерте кезеңде жүйелі түрде жүргізу).
Онкологиялық ауруларды бастапқы сатысында анықтап, емдесе, бұл аурудан өлім-жітімді төмендетуге болады. Яғни неғұрлым ертерек диагноз қойылса, емдеудің сәтті болу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.