Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО сайтында Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға (бұдан әрі – ҚҰФ) енгізу үшін қаралатын дәрілік заттарға кәсіби сараптама жүргізуге өтінімдер беруге арналған портал (бұдан әрі –Портал) құрылды.
Портал «Формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығына және «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығына сәйкес ҚҰФ-да ДЗ бағалау жүргізу және іріктеу кезіндегі процестердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Портал жұмысы мүдделі тұлғаларды сайттағы жеке кабинетте тіркеу, қызмет көрсетуге арналған электрондық шартты жасау, кәсіби сараптама жүргізуден бастап, ҚР ДСМ формулярлық комиссиясы мүшелерінің қарауына дейін және тиісті шешімдермен хаттаманы жүктеуге дейін онлайн режимде өтінімнің барысын қадағалау мүмкіндігін қарастырады.
ҚР ДСМ формулярлық комиссиясының мүшелері ҚҰФ-қа қосу үшін кәсіби сараптама жүргізуге келіп түскен барлық өтінімдер мен құжаттама материалдарына, сондай-ақ объективті шешімдерді қарау және қабылдау мүмкіндігі үшін кәсіби сараптама қорытындыларына қол жеткізе алады.
Портал жұмысын бастау үшін өтініш берушілер алдымен порталда тіркеуден өтіп, өтінім беруі қажет: https://portal.knf.kz/ru/portal/default/login
Портал жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану департаментіне 700-950 (10-39) телефоны немесе электрондық пошта арқылы хабарласуға болады zhusupova_g@rcrz.kz