ҚР медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша 2021 ұлттық баяндама дайындалды

 

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА

 

Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы (ҰҒДСДО) жетекші ұлттық сарапшылардың қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы  көмек бойынша 2021 ұлттық баяндамасын» дайындады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Ұлттық баяндамада МСАК-тың адами капитал, инфрақұрылым, қаржыландыру, цифрландыру, МСАК-тың медициналық қызметтерінің, оның ішінде ауыл халқы үшін сапасы мен қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мектеп медицинасы сияқты 8 негізгі бағыты бойынша талдамалық шолу қамтылған.

Аталған бағыттар бойынша құрылған топтардың жұмысына келесі ұйымдар мен бейінді қауымдастықтардың сарапшылары тартылды: «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы, «Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы», «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы», Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», СК-фармация, білім мен ғылымның медициналық ұйымдары, МСАК көрсететін медициналық ұйымдар және басқалары. Баяндамада МСАК бойынша ағымдағы жағдайға талдау жасалды, халықаралық тәжірибе бойынша материалдар ұсынылды, негізгі анықталған проблемалық мәселелер баяндалды және республика халқына МСАК сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шешімдер жолдары ұсынылды.

ҰҒДСДО ұжымы жұмыс топтарының барлық мүшелеріне және кеңестер мен дөңгелек үстелдерге қатысушыларға атқарылған жұмысы, кәсібилігі, бастамашылдығы және мүдделілігі үшін алғыс білдіреді. Ұлттық баяндамаға материалдарды дайындауға белсенді қатысқан жұмыс топтарының жетекшілеріне, сондай-ақ, бейінді қауымдастықтар, ЖОО және практикалық денсаулық сақтау өкілдеріне жеке алғысымызды білдіреміз.

 

Национальный доклад по ПМСП 2021