Жылжымалы медициналық кешендердің 2021 жылғы қызметін қорытындыланды


 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы аясында Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО жылжымалы медициналық кешендердің (ЖМК) 2021 жылғы қызметін қорытындылады.
 
Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
 
Халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапқан болатын.
ЖМК мобильді медициналық бригадамен жасақталған амбулаториялық-емханалық кешен және бейінді мамандармен (хирург, акушер-гинеколог, отоларинголог, офтальмолог, стоматолог) медициналық тексерулер, зертханалық және аспаптық зерттеулер (ультрадыбыстық және рентгенологиялық), ауруларды ерте диагностикалауға, динамикалық тексеруге, уақтылы сауықтыруға, оның ішінде балаларға арналған скринингтер өткізуге арналған.
 
Халықтың, оның ішінде ауыл халқының, әсіресе шалғайдағы және қатынасу қиын өңірлерде тұратындардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында республика бойынша 152 (2020 жылы-58) жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.
 
2021 ж. 24 желтоқсанда өткен онлайн-кеңеске ҚР ДСМ, МСҚ, КЕАҚ, РЭДСО өкілдері, базасында ЖМК дислокацияланған өңірлік ДСБ өкілдері қатарынан мүдделі тұлғалар, медициналық ұйым өкілдерінің қатысты. Кеңес барысында ҰҒДСДО бөлім бастығы Рамиз Кулиев ЖМК қызметтерімен ауылдық елді мекендердің 3,6 есе көп халқы қамтылғанын: 2021 жылдың 11 айында 1 543 175 адам. ЖМК қызметтерімен қамтылғандардың 25% - ын балалар (381 307 бала) құрағанын атап өтті.
 
Зертханалық зерттеулер көлемін өткен жылмен салыстырған 2,7 есе өсті. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 176 419 зерттеу жүргізілген, ал 2021 жылда 478 616 зерттеуді құрады; диагностикалық зерттеулер де 3,8 есе өсудің оң динамикасын көрсетті, бұл өз кезегінде 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 188 943 зерттеу болса, 2021 жылда 731 859 зерттеуді құрады; бейінді мамандардың консультациялары 2,9 есе өсті, яғни 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіш 434 631, биыл - 1 267 152.
 
 
Сондай-ақ, кеңес барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қызметкерлері (Мауенова Д., Байтокова А.) жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін қаржыландыру және жоспарлау мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.
 
Возможно, это изображение (1 человек, в помещении и офис)
 
Медициналық көмекті жетілдіру департаментінің директоры Жазира Иманова «Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екендігін атап өтті.
ЖМК жұмысы жалғасуда.