Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы


 
Возможно, это изображение (1 человек и текст «NRCHD национальный научный центр развития здравоохранения имени салидат каирбековой главная обннцрз услуги рус каз ENG конференция fo пресс-служба для медработников длянаселения платные услуги для руководителей обсуждение контакты пмсп JOURNAL OF HEALTH DEVELOPMENT ባዞባ перейти журналам менеджер экспресс кнопки клиническиепротоколы прейскурант EHHA услуги 200e ΠΡΟΓΡΑΜΜΑ HA2020-2025 повышение квалификации, обучение каталог программ дополнительного образования обучающие обучаюциематериальвоз материалы перейти портал»)
 
 
 
Құрметті әріптестер!
ҰҒДСДО сайтында "Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы" бөлімі (бұдан әрі – ҚББ БК каталогы) құрылды.
 
2021 ж. қыркүйектен бастап каталогқа енгізу үшін сертификаттау курстарының білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізуге өтінімдер қабылдау басталды. Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының каталогына енгізуге өтінімдер қабылдау 2022 жылғы қаңтардан бастап жоспарланып отыр.
 
Өтінімдерді қабылдау денсаулық сақтау саласындағы ҚББ БК каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу жөніндегі Ережеге және "МДҰ ББ каталогы"Модулінің интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
 
Қазіргі уақытта сертификаттау курстарының 4 бағдарламасына дейінгі ББ каталогында сараптама жүргізілді және жарияланды:
"Трансфузиологи"
"Рентгенологиядағы Мейіргер ісі"
"Мейіргер ісі (Жалпы практикадағы мейіргер)"
"Классикалық және емдік массаж"
 
 
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын сараптау үшін тартылатын сарапшылар базасын қалыптастыру мақсатында медициналық жоғары оқу орындарының, ұлттық және ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары медициналық колледждердің өкілдері, сондай-ақ талап етілетін критерийлерге сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік қауымдастықтарының мүшелері болып табылатын практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатарынан кандидатуралар іріктеу жүргізіледі.
ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК "Қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №553 Бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу үшін сараптамалық ұйым және ҚББ БК каталогының ақпараттық жүйесін жүргізу үшін жауапты ұйым ретінде айқындалғанын естеріңізге саламыз.
 
 
Каталог сілтемесі: http://89.218.81.108/#/catalog/view
 
 
Қосымша ақпарат алу үшін: 7172 700-950 (ішкі.1134).