Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығы басталды

 

Возможно, это изображение (17 человек и экран)

 

18 қарашада Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану апталығының бірінші күні Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану департаменті ДДҰ-мен бірлесіп медициналық ұйымдар, облыстық денсаулық сақтау басқармалары, медициналық жоғары оқу орындарының және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин шараны ашып, оның өзектілігін және микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің қазіргі жаһандық проблемасының біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде үлкен маңызға ие екендігіне, сонымен қатар ҚР ДСМ-нің ұсынылған ұсыныстарды қарауға дайын екендігін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің техникалық офицері, доктор Виталий Стецик және Орталық Азия үшін Субөңірлік кеңсенің жануарлар денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйымының өкілі доктор Марио Латини сөз сөйледі.

Спикерлер Қазақстанда антибиотиктерді популяциялық тұтыну нәтижелерін, covid-19 қауымдастырылған пневмония кезінде бактерияға қарсы терапия проблемаларын талқылап, көп бейінді стационарда микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану бағдарламасын әзірлеу және кезең-кезеңмен енгізу туралы тәжірибесімен бөлісті, микробқа қарсы препараттарға төзімділікті эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, ағымдағы жағдай мен даму перспективаларын ескере отырып, ҚР-да зертханалық диагностика, сондай-ақ антибиотиктер бойынша жаңа ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі туралы мәселелерді көтерді.

Шара қорытындысы бойынша  ҰҒДСДО Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану департаментінің директоры Гүлзира Жүсіпова микробқа қарсы препараттарды қолдану проблемасын шешу негізінде микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу туралы қысқаша талдамалық шолу (policy brief) ұсынды. Policy brief саясатты қалыптастыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің нәтижелерін қолдануға ықпал етеді.

 

22 қараша күні сағат 15.00-де Орталық медицина және фармацевтика саласы қызметкерлері үшін микробқа қарсы препараттарды дұрыс пайдалану мәселелері бойынша семинар (онлайн) өткізуді жоспарлап отыр.

 

Қосылу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/81271424203?pwd=Zi9kc3QxSUpiZjdDQlp3eUdWTnlOdz09