Қырғыз Республикасы ДСМ Денсаулық сақтау және медициналық технологияларды дамыту орталығымен кездесу


 
Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау және медициналық технологияларды дамыту орталығымен (ДСМТДО) кездесу өткізді.
 
 
Возможно, это изображение (6 человек, люди стоят и люди сидят)
 
 
Кездесуге ҰҒДСДО Басқарма төрағасының м.а. Дана Айтуарова, басқарма төрағасының орынбасары Виталий Койков, департамент басшылары, сондай-ақ ДСМТДО директоры Нуриля Шериева өз әріптестерімен бірге қатысты.
 
Тараптар өз орталықтарының қызметі туралы ақпаратпен, сондай-ақ алдағы жоспарларымен бөлісті. Болашақ өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары анықталды, оның ішінде корпоративтік басқару, денсаулық сақтау технологиясын бағалау, клиникалық хаттамаларды әзірлеу, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжау, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының түлектерін бөлу мәселелері.
Қонақтар Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО құрылымының саладағы бай тәжірибесі Қырғызстанның денсаулық сақтау жүйесінде бағыты ұқсас ұйымды құру және дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.
 
 
Кездесу соңында тараптар екі мемлекеттің денсаулық сақтау ұйымдары арасында неғұрлым тығыз ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндігін қарауға уағдаласты, бұл Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге негіз бола алады.
Айта кетейік, ұйым басшылары жақын арада өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.